Ең қысқа әңгіме • 13 Шілде, 2024

Ұяттыда иман бар

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Уақыт өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме – бүгінде адами асыл құндылықтарға көп мән бермейміз. Біздің бала күніміздегідей ел ішіндегі жағымсыз әдетті, әдепсіз қылықты бірден тыйып тастайтын үлкендер жоқтың қасы. Қазір әркім өз білгенімен, өз түсінігімен өмір сүреді. Әсіресе қалада ұятты белден басып жүретіндер көбейген секілді. Оның себебі де бар. Ауылда бәрі таныс. Кімнің не істеп, не киіп жүргені алақандағыдай көрініп тұрады. Ал қаланың жөні бөлек. Мұнда ешкім ешкімді танымайды және оған назар да салмайды. Әркім өз тірлігімен әуре. Сондықтан қалаға келген жастар «тәйт!» деп отыратын әке-шеше болмағаннан кейін «өзім білемге» салынады.

Ұяттыда иман бар

Бірде қоғамдық кө­лікке міндік. Ығы-жығы адам. Бір кезде артқы жақтан ұялы телефонмен айқайлап сөйлескен дауыс шықты. Жалт қарасам, біреудің жер-жебіріне жетіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, сыбап жатқан жас жігіт. Өзінде қоғамдық көлікте келе жатырмын деген ой жоқ. Үйінде отырғандай дөрекі. Амалсыздан, ол емес, жүзімді төмен түсіріп, өзім ұялдым. Міне, осындай жағ­дай жиі кездеседі. Жал­пы, қоғамдық көліктен өмір­дің кішігірім болса да кө­рінісін көресіз. Түрлі-түрлі мі­незді бағам­дайсыз.

Таяуда бір тойда болдық. Асаба жігіт қара сөзге ағып тұр. Арасында әдепсіз сөздермен тұздықтап, жұртты күлдіріп қояды. Жымидық та қойдық. Үзілісте ойын басталсын. Жасы үлкені бар кішісі бар – бәрі жиналып, ойынның қызығына түсті. Адамдарды шешіндірді ме, билетті ме, әйтеуір ойы­на не келді соны жасатты. Сон­да оған: «әй, жігітім, мынау ұятты іс қой», дегенді еш­кім айтқан жоқ. Қайта оның «тапқырлығына» бәрі мәз болды. Кейінгі кезде осындай оқиғалар әлеуметтік желіде де белең алды. Осыған қарап, ұят деген құнды қасиетімізден алыстап барамыз ба деген ой келеді.

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаны­пезерлер ұяты жоқтан шы­ғады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар», депті. Қай­ран Әз-аға қалай біліп айт­қан десеңізші.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15