Бiрiккен Араб әмiрлiктерiнiң астанасы Абу-Дабиде «World Future Energy Summit 2015» (WFES) Дүниежүзiлiк болашақ энергиясы саммитi өз жұмысын бастады. Төрт күнге созылатын саммиттiң басты тақырыбы ең заманауи технологияларға және қолдағы мүмкiндiктердi тиiмдi пайдалануға негiзделе отырып, болашақ энергиясын қалыптастыру бойынша бiрлескен шешiмдердi әзiрлеу болмақ. Сондай-ақ, саммитке қатысушылар баламалы энергетиканы дамыту мәселелерiн талқылайтын болады.
Қазақстан да Дүниежүзiлiк болашақ энергиясы саммитiнiң жұмысына қатысуда. Абу-Дабиге «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ делегациясы келдi, ол болашақтың таза экологиялық технологияларын дамытумен айналысатын MASDAR компаниясының басшылығымен, Қайта қалпына келетiн энергия көздерi жөнiндегi IRENA халықаралық агенттiгiнiң басшылығымен және БАӘ медиа-кеңесiмен екiжақты кездесулер өткiзедi.
Ұлттық компанияның Халықаралық қатынастар департаментiнiң бас менеджерi Сайран Байжаханов атап өткендей, ең соңғы әлемдiк энергетикалық трендтермен және энергетика саласындағы ең жарқын деген инновациялық жобалармен танысу мүмкiндiгi Дүниежүзiлiк болашақ энергиясы саммитiне қатысудың сөзсiз артықшылықтарының бiрi болып табылады. «World Future Energy Summit-қа қатысу және көрмеге бару бiздiң жұмысымыздағы басты кезеңдердiң бiрi болып табылады. Бiз баламалы энергетика саласында жемiстi диалог құрып, қызықты жаңа жобалармен танысамыз деп үмiттенемiз. Дүниежүзiлiк саммиттiң тақырыбы бiздiң ЭКСПО-2017 көрмесiнiң тақырыбымен үндеседi. Бүгiн Абу-Дабидегi көрмеде бiздiң әлеуеттi серiктестерiмiз, қайта қалпына келетiн және баламалы энергия көздерi саласындағы өз жобаларын таныстырып жатқан қатысушылар бар. Бұл оларды 2017 жылғы көрмеге шақыруға арналған жақсы алаң», – деп атап өттi ол.
Естерiңiзге сала кетейiк, Қазақстан Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысатыны туралы растауды алды. Келiссөздер барысында Дубайдағы ЭКСПО-2020 және Астанадағы ЭКСПО-2017 өкiлдерi 2017 жылы көрмеге қатысу мәселелерiн талқылады. Сондай-ақ, оған қайта қалпына келетiн энергия көздерi жөнiндегi IRENA халықаралық агенттiгi қатысады деп күтiлуде. БАӘ Астанада үлкен павильонды алмақ, оның бiр бөлiгi Масдар институтының (Абу-Даби) жобаларынан тұратын болады.
Өткiзiлген келiссөздердiң қорытындысы бойынша БАӘ Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысуға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтуге болады.
WFES саммитiнде 650 компанияның стендтерi ұсынылып отыр, ал спикерлер ретiнде халықаралық ұйымдардың (Халықаралық энергетика агенттiгi, БҰҰ қоры және т. б.) өкiлдерi, сондай-ақ, әлемдегi ең iрi энергетикалық компаниялардың басшылары сөз сөйлемек.
«Егемен-ақпарат».

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 21:50
«Әр адамның мәселесі маңызды»: Ерлан Қошанов тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Қоғам • Бүгін, 21:23
Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қоғам • Бүгін, 20:45
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 20:02
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Бүгін, 19:54
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 19:37
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
Қоғам • Бүгін, 19:25
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
Президент • Бүгін, 18:08
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Бүгін, 18:06
Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет
Президент • Бүгін, 17:50
Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды
Президент • Бүгін, 17:39
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Бүгін, 17:34
Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен
Еңбек • Бүгін, 17:33
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 17:27
Сталкинг дауы: Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 17:20