Қоғам • 17 Шілде, 2024

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың саусақ іздері алынады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында  жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың саусақ іздері алынады

Фото: REUTERS

Саусақ ізін тіркеуді (саусақ ізін алу) жүргізу қағидаларында ішкі істер органдары саусақ ізі туралы ақпаратты жинайтыны көрсетілген:

  • өздерінің келісімі бойынша, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінген кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың.
 

Сондай-ақ жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинау жүзеге асырады.

«Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолы он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және осы Қағидаларда белгіленген дербес деректердің тиісті ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтиды», делінген құжатта.