АСТАНА. 21 қаңтар. Қазақстанда алдағы демалыс күндері үскірік аяздар күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлады.
Синоптиктердің айтуынша, арктикалық ауа массаларында қалыптасқан антициклонның әсері Батыс Сібір мен Оралға ғана емес, Қазақстан аумағына да таралуда.
«Жақын арадағы тәулікте күннің сууы республиканың батыс және солтүстік-батыс аудандарын қамтиды, одан соң барлық аумаққа таралатын болады. Антициклонның күшеюімен температура төмендейді, еліміз солтүстігінің кей жерлерінде ауа температурасы -33-38, күндіздің өзінде -20-30 градус аяз болады деп болжанады», – делінген орталық хабарламасында.
Сонымен қатар, оңтүстік облыстарда жақын арадағы үш тәулік ішінде бұлтты, қарлы ауа-райы сақталып, 24 қаңтар күні түнде -18-23 градусқа дейін, кей жерлерде -25-30 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: kazhydromet.kz.
Сурет: nur.kz.

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Кеше
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Кеше
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Кеше