Айбын • 19 Шілде, 2024

Офицерлер білім-білігін арттырады

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің базасын­да Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Ішкі істер минис­трінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың басшылығымен, әскердің команда­лық құрамымен бес күндік жедел жиын басталды. Кәсіби деңгей­ді жетілдіруге елуден астам полиция департаментте­­рі­­нің офицерлері мен басшылары, еліміздің барлық өңірін­де­гі Ұлттық ұлан арнайы бөлімшелерінің командирлері қатысады.

Офицерлер білім-білігін арттырады

Жиынның негізгі мақсаты – кәсіби-лауазымдық даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің құқықтық актілерінің талаптары туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру. Сабақ кестесіне сәйкес жиындарды өткізу бағдарламасында демонстрациялық, нұсқаушы-әдістемелік және практикалық сабақтар өткізу көзделген. Сондай-ақ офицерлерге әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің негізгі басымдықта­рын айқындайтын басшылық құжаттар мен директивалардың ережелері түсіндіріледі.

Сабақтың негізгі бөлігі елордалық бригада базасында, сондай-ақ Ұлттық ұланның «Қаптағай» біріккен оқу орта­лығында және Мемлекеттік күзет қызметінің «Майлан» оқу полигонында өтеді. Жиынның бірінші күні офицерлермен тікұшақ алаңдарын жабдықтау тәртібі бойынша кешенді сабақтар, тегіс ұңғылы мылтықтармен ату және граната лақтыру, жиын­тық тактикалық топтардың жауынгерлік тәртібін көрсету, сондай-ақ «Дағдарыс жағдайын­да ақпараттық кеңіс­тіктегі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қи­мыл» тақырыбында мемле­кеттік-құқықтық дайындық бо­йынша дәріс өткізілді.

Жиын жетекшісі, жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы Нұрлан Мұхамедовтің айтуынша, жиын міндеті лауазымды тұлғалардың кәсіби деңгейін арттыруда бірыңғай тәсілді әзірлеу, озық тәжірибе­мен алмасу, командирлердің атыс, дене шынықтыру және әдістемелік даярлығын тексеруге бағытталған.

– Осындай сабақтардың арқа­сында офицерлер өздерінің функ­ционалдық міндеттерін шебер және сенімді орындау үшін кәсіби дайындықты жетілдіреді. Сондықтан Жоғарғы Бас Қолбасшының, Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысының тапсырмасына сай жаңа форматта Ұлт­тық ұлан жеке құрамының жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға басты назар аударамыз, – дейді полковник Нұрлан Мұхамедов.

«Майлан» оқу полигоны­ ба­за­сында құқықтық тәртіп әске­ріндегі қару-жарақ және техника түрлерінен практикалық атыс нормативтерін пысықтауға арналған практикалық сабақтар өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен офицерлер марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15