Қоғам • 07 Тамыз, 2024

Астанада «Жекпе-жек» федерациясының президенті сотталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жекпе-жек» федерациясының президентіне қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Жекпе-жек» федерациясының президенті сотталды

фото: dzen.ru

Спикер Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Жекпе-жек» ҮЕҰ федерациясының президенті Е.Әлімбетовке қатысты үкім жарияланғанын айтты.

«Ол 2021 жылы Алматы қаласында өткен «Жекпе-жек» спорт түрінен әлем чемпионатының хаттамаларын қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 692 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Жалған құжаттарды пайдалана отырып, Әлімбетов спортқа қатысы жоқ адамдарға «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын беруге өтінім берді», деді спикер.

Оның айтуынша, сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35