Елорда • 07 Тамыз, 2024

«Бүркітші» бейнесі

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі де жақындап қалды. Жалпақ әлем көз тігіп отырған ауқымды іс-шараға елорда қызу дайындық үстінде. Әсіресе шаһардың әр бөлігінде әсем безендірілген ұлттық нақышқа толы дүниелер көздің жауын алады. Соның бірі – Бейбарыс сұлтан көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған «Бүркітші» атты жаңа мұрал.

«Бүркітші» бейнесі

Мұралдың биіктігі – 16 метр. Онда бүр­кіттің томағасын сыпырып, балақба­уын шешіп, аспанға еркін қоя берген бүр­кіт­­шінің бейнесі бедерленген. Бұл көрі­ніс көшпелілер ойындарын біл­діреді. Сурет­тің мазмұнында асқаралы тау, оның етегіндегі ақ боз киіз үйлер, жайқалған көк майса, қысқасы, осы са­йын далада еркін өмір сүріп, өз дәстүрі мен мәдениетін дамыт­қан көшпелілердің бекзатты­ғы, тектілігі, ер көңілділігі шынайы көркемделген. Бір сөзбен айтқанда, «Бүркітші» бейнесі адамға рух береді.

Айта кетейік, Дүниежүзі­лік көш­пелілер ойыны – этни­­ка­лық спорт түріне арнал­ған халықаралық жарыс. Оған көш­пелі өмір рухын көр­сететін Орталық Азия этнос­тарының ха­лық­тық ойындары кіреді. Бас шаһарда өтетін үл­кен іс-шараға әлемнің ­89 елі­нен 2000-ға жуық спортшы қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15