Кеше Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле қазақстандық-еуропалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл – Ивета Григуленің жаңа қызметінде Қазақстанға алғашқы келуі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қабиболла Жақыпов аталған бағыт біздің еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сан қырлы саясаты әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық орнатуға айқын жол ашатынын атап өтті.
Ивета Григуле Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне өте жоғары баға берді. Оның айтуынша, біздің елде әрбір адамның, жалпы алғанда, бүкіл қоғамның әл-ауқатын көтеруге айрықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күні Еуроодақ – Қазақстанның барлық саладағы ірі әріптесінің бірі.
Мәртебелі мейманның атап өткеніндей, адамдар арасында сенімділік қарым-қатынасты орнату мен дамыту өте маңызды, ол жалпы мемлекет табысының жарқын кепілі.
Мәжіліс Спикері өз кезегінде Елбасы саясатының арқасында жыл санап нығайып келе жатқан қазақстандық қоғамның толеранттылық үлгісіне көңіл бөлді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық тартымдылық, транзиттік-көліктік әлеует, сондай-ақ, парламентаралық қарым-қатынас сынды ауқымды мәселелер әңгімеге арқау болды.
Қабиболла Жақыпов делегация мүшелеріне Мәжіліс қызметі туралы, елдің заңнамалық базасын жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді.
Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету қажеттігін айтқан Ивета Григуле Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациямен байланысты кеңейту мақсатында қазақстандық депутаттарды Еуропарламентке шақырды.
• 23 Қаңтар, 2015
Қазақстан мен Еуроодақ тең құқылы әрі өзара тиімді әріптестер

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше