Аймақтар • 13 Тамыз, 2024

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері Балқаш өңірін әуе барлау кезінде үш тоннаға жуық голланд қарасорасын тапты, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты

Фото: polisia.kz

Күдіктілердің қарасораны арнайы өсіргені суару жүйесі арқылы нақтыланған.

Сонымен қатар арал аумағында орналасқан шатырда патрондарымен тегіс ұңғылы қару, қажетті екі қап тыңайтқыш, сондай-ақ қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптер табылған.
«Есірткі плантациясы Балқаш көлі аралдарының бірінде анықталды. Жүргізілген сараптама тәркіленген 6 122 өсімдік бұтасы жалпы салмағы 2 тонна 740 келі голландиялық каннабис екенін растады. Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіліп жатыр», деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Осылайша полицейлер құны 300 млн теңгені құрайтын қарасораның қара нарыққа түсуінің алдын алды.

Соңғы жаңалықтар

Хакім һәм өзбек әдебиеті

Абай • Бүгін, 08:40

Кәсіпке бастар колледж

Білім • Бүгін, 08:35