Кәсіпқой бокс • 22 Тамыз, 2024

Иван Дычко қарсыласын нокаутқа түсірді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Плант-Сити қаласында кәсіпқой боксшы Иван Дычко кезекті жекпе-жегін өтікзді, деп жазады Egemen.kz.

Иван Дычко қарсыласын нокаутқа түсірді

Фото: Instagram/ivandychko

ProBox шоуы аясында өткен кездесу 8 раундқа жоспарланған еді. Алайда аса ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко (14-0, 13 КО) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.

Екінші раундтың ортасында Иван Дычконың жойқын соққысынан кейін Крейг Льюис нокдаун алғанмен төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Раунд соңында Дычко діттегеніне жетті.

Айта кетейік, Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2016). Кәсіпқой бокстағы жолын 2017 жылы бастады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33