Алматы • 04 Қыркүйек, 2024

Алматыда «Альпиниада-2024» өтті

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Альпиниада-2024» өтті

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Жаз мезгілінде 3 рет тауға шығу ұйымдастырылып, соңғы рет 31 тамызда 354 қатысушы Жастар шыңын бағындырған.

Қатысушыларға қауіпсіздік пен маршрут бағыттары бойынша еріктілер мен құтқарушылар жәрдем беріп отырған.

Іс-шараға қатысқан Францияның бас консулы Фабрис Неве «Альпиниада-2024» жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Инклюзивті топқа баса назар аударылып, 29 бала ата-анасының ертіп жүруімен шыңға шыққан, оларға жеке тур ұйымдастырылған.

Аталған іс-шара шеңберінде 1000-нан астам тауға шығуды ұнататындардың басы қосылған.