Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысу үшін келген БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абд әл-Әзиз ан-Насермен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен БҰҰ-ның дінаралық және этносаралық үнқатысуды ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігері мәселесін талқылады. Е.Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан әрі қарай да өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып, мәдениетаралық, этносаралық және дінаралық қарама-қайшылықтарды еңсеру бойынша әлемдік қоғамдастық тарапынан жинақталған озық тәжірибелерді пайдалану ниетінде.
«Біз өзіміздің ішкі байлығымыз – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін пайдалана отырып, Батыс пен Шығыс арасында модератор рөлін атқара алар едік. Сіздің съезд жұмысына қатысуыңыз айтарлықтай маңызды. Өйткені, БҰҰ қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы халықаралық күш-жігерді үйлестіруге дайын екенін атап көрсетіп отыр», – деп мәлімдеді министр.
Қазақстанның әлемдік деңгейде үнқатысу орнатуға нақты үлес қосып отырғанының бір мысалы ретінде Е.Ыдырысов біздің еліміздің бастамасымен 2013-2022 жылдар аралығы ЮНЕСКО-ның туы астында Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы деп жарияланғанын атап өтті.
Өз кезегінде, Насир Абд әл-Әзиз ан-Насер Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл бастама Қазақстанның келісім мен толеранттылықты, халықтар арасындағы құрмет пен достықты, мәдениеттер мен өркениеттерді ілгерілету мәселелеріне үлкен үлес қосып отырғанының айғағы болып табылады.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы орнықты даму және басқа да өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды әрі қарай жалғастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстанның Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік хабын құру бастамасын қолдайтыны мәлімделді. «Геосаяси және географиялық көзқарас тұрғысынан Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы қызметін үйлестіруде аса лайықты орын болып табылады», – деп атап өтті министр. БҰҰ-ның Алматыдағы хабы қазіргі жағдайларда, яғни гуманитарлық көмек пен дамудың ортақ бағыттылығы кезеңінде ерекше саяси маңызға ие болады, деп атап көрсетті Е.Ыдырысов.
Кездесу кезінде, сондай-ақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі мәртебесін алуға тапсырысы талқыланды. «Сайланған жағдайда біз жаһандық және өңірлік деңгейдегі көкейкесті мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосамыз деп білеміз», – деп сендірді сұхбаттасын Е.Ыдырысов.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04