Қоғам • 05 Қыркүйек, 2024

50 мың ауыл тұрғыны медициналық әрі құқықтық көмек алды

49 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміздің шығысындағы шалғай елді мекендерде сапарын жалғастырып жатқан «Сала­мат­ты Қазақстан» пойызының ме­дицина қыз­мет­­керлері өткен аптада, яғни 26 тамыз бен 1 қыр­күйек аралы­ғында ақысыз 613 адам­ның денсаулығын қара­ды, олардың 180-і – бала. Жыл­жы­малы құрамдағы медиатор мен заңгер мамандар болса, тиіс­ті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан мен Абай облыс­тарының 177 тұрғынына кеңес берді.

50 мың ауыл тұрғыны медициналық әрі құқықтық көмек алды

Мамыр айының басында сапарға шыққан по­йыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында болды. 44 610 азаматты (оның ішінде 13 034 бала) медициналық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбе­гінен тыс, медиатор мен заңгерлер 2 431 арызды қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек ки­кілжіңдерін шешуге күш салды. Мә­селен, Ауыл, Белағаш, Тишинская және Черемшанка стансаларында пойыз заңгерлері көпбалалы отбасыларға, мүгедекті бар адамдарға, зейнеткерлерге қолұшын созып, мұрагерлік, шипажайда емделу, шағын қаржы ұйымдарына берешек, зейнетақыны алдын ала есептеу, алимент, мүлікті бөлу, салық есебін тапсыру, еңбек даулары бойынша арыз-шағымдарды зерделеді.

«Саламатты Қазақстан» пойызында заңгерлерді көріп таңғалдым. Медиатор Шолпан Ағзамқызы мені мұқият тыңдап, мәселемді шешіп берді, Конституция күні еңбек құқығымды лайықты қорғай алды. Кәсіби, сауатты түрде көрсетілген көмекке шын жүректен алғыс айтқым келеді», дейді Абай облысының Ауыл стансасында құқықтық кеңеске жүгінген көпбалалы ана. Нәтижесінде бұл тұрғынға бала күтімінен соң жұмысқа шыққанда мектепте қысқарып қалған еңбек сағаттары, яғни отбасы кірісі қайта қалпына келтірілді.

апр

Пойыз вагондарында қабылдау 13.00–14.00 түскі үзіліспен сағат 09.00–18.00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жет­кілікті.

Осы орайда шығыс ай­мақта орна­ласқан Алтай, Таусамалы бекет­те­рінде по­йыз жанында демеу­шілердің қолдауымен арнайы қайы­рым­дылық концерттері өтіп жатыр. Концерттер легі өңір­лер­де жыл аяғына дейін жал­ғасады.

Еліміздің барлық өңі­ріндегі 140 алыс бекет пен олардың маңайындағы ауыл-аймаққа тегін меди­циналық-әлеуметтік кө­мек көрсетуге арналған пойыздың қозғалыс кестесі шалғай мекендерде медициналық пункттердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініші негізінде әзірленді. Жоба дәрігерлері орташа алғанда әр стан­саға 1-2 күн тоқтап, ауыл тұрғын­дарына алғашқы медициналық-сани­тарлық және кон­суль­тациялық-диагностикалық кө­мек көрсетеді. Зерт­ханалық әдістерді қолдана отырып науқастарды тексереді.

Құрам қызметіне 40 маман жұ­мылдырылды. Атап айтқанда, ден­саулық керуенінде терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диаг­ностика, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, жүрек, тіс, көз, құлақ, тамақ және мұрын дәрігері, онколог-маммолог, гинеколог және уролог сынды білікті дәрігерлер және көмекші мамандар бар. Қажет жағдайда дәрігерлер шағын операциялар жүр­гізіп, жоспарлы емдеу­ге жол­дама береді. Ал медиатор мен заңгер халыққа дауды сотқа дейін шешу секілді өзекті мәселелер жөнінде ке­ңес беріп, азаматтардың зейнетақы-жәрдемақы, әлеу­­­меттік төлем және атау­лы әлеуметтік көмек алу тура­­лы сұрақтарына жауап береді.

Әлеуметтік жоба Пре­зидент жа­нындағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асып жатыр.

«Көбінесе шалғай ауылдарда ауруханалар болмайды және тұрғындардың барлығы кез келген уақытта аудан орталығына бара алмайды. Оның үстіне биыл, баршаңызға белгілі, бірқатар өңірді су алып, қиындық туындады. Ал медициналық пойыз жағдайында балаларды қаратып, ересектердің өзіне де барлық маманнан бірден кеңес алудың жақсы мүмкіндігі туын­дады. Пойызға ең заманауи медициналық жаб­дықтар қойы­лып, тіпті адамдарға шағын ота­лар жасау қарастырылған», дейді Альфия Адиева.

Жалпы, 2010–2023 жылдар аралығы медициналық пойыздар 1 991 стансада болып, 658 407 адамның, оның ішінде 142 660 баланың денсаулығы тексерілді. Тек 2023 жылы ғана 100 мыңға жуық ауыл тұрғынына ақы­сыз жәрдем жасалып, 8 ай­дың ішінде барлық 17 об­лыс­тағы 121 шалғай станса қамтылды. Осылайша, орташа алғанда пойыз 18 мың шақырымға жуық жол жүріп, 88 994 азаматтың денсаулығын жақсартуға үлес қосты. Оның ішінде 19 222-сі – бала. 9 802 адамға ақысыз құқықтық және медиативтік, яғни татуластыру көмегі көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше