Мектеп • 05 Қыркүйек, 2024

Жаңа ғимаратта оқиды

93 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Драгомировка орыс тілінде білім беретін мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Жаңа ғимаратта оқиды

Аталған ауыл Тайынша қаласынан 25 ша­­қырым қашықтықта орналасқан. Тұр­ғын­дардың айтуына қарағанда, ауыл тарихы 1909 жылдан басталады. Бұл столыпиндік реакция жылдарында орыс, украин шаруа­ларын Қазақстанға шаруашылық колония жасау мақсатымен күшпен көшірілген жылдары пайда болған. Ауылдың қазақ тілін­дегі топономикалық атауы бар, әзірге оны қалпына келтіруге мүмкіндік болмай тұр.

Конституция күні пайдалануға берілген жаңа ғимараттың ашылуында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында бұдан басқа да бірнеше мектеп құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Бұл  аудандағы апатты жағдайда тұр­ған білім ошағының бірі еді. Біз мұны мемлекеттік инфрақұрылымдық даму қоры бойынша бөлінген қаражаттың есебінен қысқа мерзімде салып шықтық. Өз басым, құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде сапалы етіп жүргізген мердігерге алғысымды айтамын. Құрылысты бұған дейін бірнеше келіп, бақылап кеттім. Жаңа ғимарат көңі­лімізден шығып отыр», деді ол.

Екіқабатты ғимараттың құрылысы биыл­ғы мамыр айында басталып, тамыздың со­ңында аяқталды. Оны «Зерттеу СК» құрылыс компаниясы жүргізді. Құрылыс жобасына 1 млрд теңге қаражат бөлінген. Мектеп ғимараты 120 оқушыға арналған. Барлық кабинет талапқа сай жабдықталған.

«Қазір мұндай мектеп біз секілді елді мекендерде некен-саяқ. Біздің міндетіміз –Үкіметтің осындай қамқорлығына сай лайықты еңбек ету. Қазір мектепте 28 мұғалім бар. Бір өкініштісі, оқушы саны жылдан-жылға азайып барады. Биыл 8 бала ғана  мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр», дейді аталған білім меке­месінің директоры Мұрат Күленов.

Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан өңірінде 3 жаңа мектеп ғимараты ашылып, онда 1 500 оқушы білім алады. Сонымен бірге екі балабақша  пайдалануға беріледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15