Балалар • 05 Қыркүйек, 2024

Ақтау мектептерінің бірінде 7 жұп егіз бірінші сыныпқа барды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егіздер Бекжанов атындағы №10 мектептің бірінші сыныбына қабылданды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау мектептерінің бірінде 7 жұп егіз бірінші сыныпқа барды

Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бейнежазбадан мектеп формасын киген бірнеше жұп егіздің алғашқы сабақ күніне бара жатқанын көруге болады. Әр егіз өз бауырының қасында отырғанын да байқай аламыз.

Білім мекемесінің директоры мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отырғанын алға тартты.

«Бұрын біздің мектепте мұндай жағдай болған емес. Биыл бірінші сыныпқа бірден жеті жұп егіз түсті. Мектепте 0-ден 11-сыныпқа дейін барлығы 30 жұп егіз оқиды», дейді мектеп директоры.

Сондай-ақ директор мектепте барлығы 2 213 бала білім алып жатқанын қоса айтты.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше