АСТАНА. 27 сәуір. Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткен жеңімпаздар форумына қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы қазақстандықтар сайлауда тұтастығы мен бірлігін тағы да паш еткенін атап өтті.
«Бүкіл Қазақстан кеше бір кісідей дауыс беруге келді. Мен азаматтардың отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келгенін көрдім. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді, халқымыз өзінің тұрмысын, әл-ауқатын жақсартып, балаларын тәрбиелеуі және болашаққа сеніммен қарауы үшін не істеу керектігі туралы күні-түні ойлануға мәжбүрлейді. – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ел халқы сайлауға қатысу арқылы саяси мәдениетінің биік екенін көрсетіп, Президентке ғана емес, өз болашағына да дауыс бергенін айтты.
Сонымен қатар, Елбасы президенттік сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқан баршаға рақмет айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сайлаудан кейін ауқымды жұмыс күтіп тұрғанына тоқталды.
«Біз Қазақстанды индустрияландыруды аяғына жеткізуге, балама экономика қалыптастыруға, сапалы табыс және кәсіби біліктілікпен байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуға тиіспіз. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырып, экономикалық байланыстарымызды белсендіру және транзитті мемлекетке айналу үшін бүкіл Қазақстанды жолдармен қамтуға тиіспіз. Осының бәрі – жаңа кезең, сіз бен біз атқаруға тиісті ауыр жұмыс. Мен ел алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзеге асыруда бәрімізге табыс тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтардың сақталатынын айтты.
«Біз ішкі татулықты сақтаймыз, сондай-ақ, одақтастарымыз бен серіктестеріміздің алдындағы міндеттемелерімізге адал боламыз. Өз ішіміздегі келісімді нығайтып, біздің өңірдегі және бүкіл планетадағы бейбітшілікке атсалысамыз. Бізге сенеді, сондықтан біз қақтығыс болған жердің бәрінде қантөгісті тоқтатуға үндейміз. Біз көпконфессиялы және көпэтносты елдің тату өмір сүре алатынын көрсетіп отырған Қазақстанның тәжірибесіне қарауға шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті көрсетілген сенім үшін тағы да алғыс айта отырып, қазақстандықтарға амандық, елімізге татулық пен тыныштық тіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: Азамат Әлиев.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29