
Сурет: gov.kz
Жиынға Ғылым қорының төрағасы Камиль Ақатов, төрағаның орынбасары Әлия Сембаева, DFG халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Йёрг Шнайдер, DFG-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі маманы Элиза Бреккефельт, DFG-ның инженерлік ғылымдар жөніндегі бағдарламалық директоры Козима Шустер, сондай-ақ CASIB Алматыдағы кеңсесінің басшысы Питер Либельт қатысты.
Ғылым қоры мен Неміс зерттеу қоры өкілдерінің аталған кездесуде жаңа ғылыми-инновациялық коллаборацияларды құру перспективаларын және қазақстандық ғалымдарды бірлескен ғылыми жобаларға тарту бағдарламасын жүзеге асыру бастамасы жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Осыған қоса отандық ғалымдарға қатысты технологияларды коммерцияландыру саласындағы мүмкіндіктер, сондай-ақ неміс әріптестерімен ынтымақтастықтың жаңа нысандары талқыланды.
DFG Орталық Азияда іске асырылатын «Қолданбалы ғылымдар университеттеріндегі зерттеулерге арналған желі» (UDIF-HAW) бастамасын ұсынды. Бұл бағдарлама қолданбалы ғылым университеттері мен өңірдің ғылыми институттары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.
Ғылым қорының хабарлауынша, Неміс зерттеу қорының өкілдері ғылыми ынтымақтастық құралдарын пайдалану тәжірибесін бөлісіп, аталған қоры тарапынан Орталық Азия мен отандық ғалымдарға қолжетімді қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылды. DFG жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Орталық Азия елдерінде шамамен 30 000 ғылыми жобаны қаржыландырады. Қордың жылдық бюджеті 4 миллиард евродан асады. Ғылым қоры «Horizon Europe» бағдарламасы аясында Германияның зерттеу ұйымдарымен белсенді байланыс орнатып отыр, бұл қазақстандық ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуына қосымша мүмкіндіктер ашады.