Қылмыс • 25 Қыркүйек, 2024

Инспекторлардың қырағылығы

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жөкей көлінен 600 килодан астам балықты заңсыз аулаған тұрғындар ұсталды. Браконьерлерді «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары анықтаған.

Инспекторлардың қырағылығы

Сурет: ru.freepik.com

Астана тұрғындары Жө­кей көліндегі «Темнобор» орман­шы­лы­ғының ерекше қорғалатын табиғи аумағындағы көлге ау салған. Инспекторлар заңсыз әрекетке барған азаматтарды рейд кезінде қолға түсіріп, олар­дың жалпы салмағы 640,3 кг тартатын 464 балық аула­ғанын білген. Балықтың 631,6 килосы сазан, 8,7 килосы табан. Бұл оқиға – кейінгі 5 жылда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағы су айдындарында тіркелген ең ірі браконьерлік факті. Салдарынан табиғатқа келген залал – 9 132 827 теңге. Қа­зірде құқық бұзушылық бойынша барлық дерек Біржан сал ауданының полиция бөліміне берілген.

Кейінгі жылдары Жөкей кө­лінен заңсыз балық аулау фактілері жиілеп кетті. Биыл Ұлт­тық парктің көлдерінде тіркел­ген сегіз фактінің бесеуі дәл осы суқоймасында орын алды. Құ­қық бұзушылар қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. Соң­ғы фактіге дейін жалпы шы­ғын 2,5 миллион теңгені құ­раған. Реті келгенде су айдындарын қорғауға, ихтиофаунаны сақтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекция­сы көлдердің жағасында Smart National Park Burabay ақылды бейнебақылау жүйелерін орната бастағанын айта кетейік. Мұндай камералар бірінші дәл осы Жөкей көлінің жағалауына орнатыла бастаған. Жыл соңына дейін камералар іске қосылса, көлдегі жағдайды тиімді бақылауға, браконьерлердің әрекетін жедел тоқтатуға мүмкіндік туады.

«Бурабай» ұлттық паркінің директоры Сергей Быковтың айтуынша, бейнебақылау камералары браконьерлерден бөлек, парк аумағында тіркелетін басқа да заңсыздықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Инспекторлар жыл басынан бері заңсыз балық аулау фактісі бойынша бірнеше браконьердің үстінен түсті. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылды. Енді көлдер аумағында жаңа үл­гідегі бейнебақылау техноло­гияларын енгізіп жатырмыз. Бұл қадам браконьерлердің жо­лын кесіп, ихтиофаунаны сақ­тауға септеседі. Сонымен қатар жартастарды бүлдіріп, көл аума­ғына қоқыс тастайтын бұзақы­ларға да тосқауыл болады деп үміттенеміз», дейді С.Быков.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03