22 Маусым, 2010

ОШ ТҮЙІНІ ШЕШІЛЕР ЕМЕС

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың тапсыруы бойынша Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Қырғыз Республикасы Уақытша үкіметінің басшысы Р.Отунбаевамен туысқан Қырғызстан халқына қажетті көмектің көлемі мен түр-түрлері бойынша телефон арқылы келіссөз жүргізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Тараптар көрсетілетін көмек­тің қауіпсіздігін, сақталуын және оның тікелей мұқтаж болып отыр­ған Қырғызстан азамат­та­рына жеткізі­луін толық қамта­масыз етуге баса назар аударды. Қырғыз Республикасы Уақытша үкіметінің жетекшісі осынау қиын кезеңде тұрақты да дәйекті қолдауы үшін Қазақстан Президентіне риза­шылығын білдіріп, бүгін қажет бо­лып отырған көмек және оны мұқтаждарға жеткізудің түрі жө­ніндегі өз ұсыныс­тарын жолдай­ты­нын мәлімдеді. Сонымен қатар, Р.Отунбаева ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­аға­сын тұтастай Қырғызстандағы және атап айтқанда, Ош қаласындағы ахуал туралы хабардар етіп, өзінің жуырда ғана сол жақтан келгенін айтты. Ол белгілі дәрежеде шие­ле­ністің бар екенін, тұтастай алғанда, үлкен қауіп-қатер мен проблема сақталып отырғанын жеткізді. Осыған байланысты тараптар 27 маусымға белгіленген референдум­ды өткізу үшін барынша қолайлы жағдайлар туғызу қажеттігін атап көрсетті. Қ.Саудабаев дағдарыстың ал­ғаш­қы күнінен бастап көрші рес­публикаға жан-жақты көмек көр­се­тіп келе жатқан Қазақстан Пре­зи­дентінің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші Мемлекеттің басшысы ретінде бұдан былай да екі жақты негізде туысқан Қырғызстан халқының осынау ауыр дағдарыстан шығуы үшін қажетті көмек көрсете беру ниетінде екенін қадап айтты.
Соңғы жаңалықтар

Терезеден төнген ажал

Төтенше жағдай • Бүгін, 23:09

Әкімнің үйін үптеп кетті

Қоғам • Бүгін, 22:26

Есірткі сатамын деп есі кеткен

Есірткі • Бүгін, 21:59

Бурабайдың баукеспелері

Қылмыс • Бүгін, 21:24

Болмаған алаяқтық

Қоғам • Бүгін, 20:53