Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 9 ақпанда Алматы ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмдар газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланып қаза тапқан. Алайда оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Уәкілетті органдармен бірлесіп, тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Құқық қорғау органдары да тергеу амалдарын бастады.
Облыс әкімдігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, материалдық және әлеуметтік қолдау ұсынылатыны хабарланды.