Шаруашылық • 04 Қазан, 2024

Жамбылда жылына 30 млн жұмыртқа шығаратын инкубатор іске қосылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Алель Агро» АҚ,  құны  4 млрд теңге тұратын, жылына 30 млн жұмыртқа басатын инкубаторды іске қосты,деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда жылына 30 млн жұмыртқа шығаратын инкубатор іске қосылды

Фото АШМ

Жамбыл облысында 2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасы, 2023 жылы қуаттылығы жылына 96 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ашылды. Аталған инкубатор компанияның өңірдегі құс шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында 5 ірі құс шаруашылығы кәсіпорны бар. «Әулие-ата Феникс», «Алель-Агро», «Қордай құс» және «БМ Агропродукт» ЖШС құс етін, ал «Аса-Даму» ЖШС жұмыртқа өндірумен айналысады.

«Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% -ға артық. Жұмыртқа өндірісінің өсімі 3,0% -ды немесе 89,5 млн жұмыртқаны құрады. 475,9 тонна құс еті экспортталды», делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.