АҚТӨБЕ. 28 қаңтар. Облыстағы жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және ескерту мақсатында үстіміздегі жылғы 26 қаңтар мен 20 ақпан аралығында облыстық ішкі істер департаменті «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Акция барысында заңсыз айналымдағы атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, тіркелмеген қаруларды анықтау және алу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қалада, елді мекендерде, ауыл аймақтарда, сондай-ақ жеке қожалықтарда азаматтардан заңсыз айналымнан атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды анықтау және алу рейдтік іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы тексерілуде.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні ақтөбелік полицейлер 32 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 23-і азаматтық қаруды сақтау мерзімін және ережесін бұзғандар, 8-і азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзған, 1-і азаматтық қаруды заңсыз сақтаған. Барлық анықталған деректер бойынша заң талаптары мүлтіксіз орындалып, құқық бұзушылардан қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленіп әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Акция жалғасуда.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: cripo.com.
• 28 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде «Қару» акциясының бірінші күні 32 құқық бұзушылық анықталды

Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30