ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. «Павлодар облысы әкімінің Кубогі үшін» шахматтан халықаралық турнир өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Турнирді облыс әкімдігі, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, облыстық шахмат федерациясы ұйымдастырыпты. Ресей, Белорусь, Австралия, Мысыр, АҚШ және өз елімізден халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер, әр жылдардағы чемпиондар келді. Жарысқа әр түрлі жастағы шахматшылар қатысуда. Олардың қатарында Александр Халифман, Американың төрт мәрте чемпионы Хулио Гранда Зунига, Алексей Александров, Африка олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, Ахмед Адли бар. Ал еліміздің намысын халықаралық гроссмейстерлер, Азияның төрт мәрте чемпионы Евгений Владимиров, Азияның төрт мәрте чемпионы, павлодарлық Павел Коцур, Азияның үш мәрте чемпионы Петр Костенко, халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы Әнуар Ісмағаметов, Азияның үш мәрте чемпионы Ринат Жұмабаев қорғайды. Қазір мысырлық Адли Ахмет пен қазақстандық шахматшы Петр Костенко 2,5 ұпай жинап, көш бастап тұр.
Турнир 9 турдан тұратын айналма жүйе бойынша өтуде. Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс халықаралық шахмат федерациясының ережесі бойынша өткізілуде. Турнирдің жүлде қоры 3 миллион теңге. Жарыс 30 қаңтарға дейін жалғаспақ.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: egemen.kz.
• 28 Қаңтар, 2015
Павлодарда шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30