Шаруашылық • 15 Қазан, 2024

Кезекте – көктемгі егіс

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кеңейтілген кеңес өтіп, оның жұмы­сына Ауыл ша­руашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Жиында орақ науқа­нының аяқталуы, астықты сатып алу бағасы мен диқандарға мемлекеттік қолдау көрсету, көктемгі егіс мәселелері талқыланды.

Кезекте – көктемгі егіс

Биыл жауын-шашын мол болып, күрделі ауа райы шаруаларға нағыз сы­нақ болды. Жаңбыр егіннің уақтылы пі­суіне кедергі келтірді. Арамшөп те қау­лап кетіп, есіл астық рәсуә бола жаз­дады. Қолы жеткен шаруалар арам­шөпке қарсы амалдар жасағанымен негізгі ди­қан­дардың астығына арамшөп молынан араласып, астық сапасын түсіріп жіберді. Қыркүйектің ортасынан былай ғана күн ашылды. Оған дейін күнде жауған қара жаңбыр астық алқаптарын комбаин кіре алмайтындай қылып, езіп жіберген. Дегенмен егістің уақтылы жиналуы мен астық сапасын сақтау мақсатында диқандар ерекше тәсілдер мен заманауи технологияларды пайдаланды. Мемлекет астықты кептіру мақсатында арзандатылған дизель отыны мен сұйытылған газ бөлді. Қазір бидайдың 40%-дан артығы 3-сыныпты, 46%-ы 4-сыныпты болып өтіп жатыр.

Бүгінде егіс алқабының 96%-ы оры­лып, 6 млн тоннаға жуық астық бас­ты­рылған. Орташа өнімділік гектарына 18 центнерден айналған. Озық шаруа­шылықтардың гектар берекесі 30 центнерге жетті. Бұл – агротехнологияларды сақтау, минералды тыңайтқыштарды уақтылы себу, жоғары сапалы тұқым егу және жетілген техникаларды қолдану­дың арқасында қол жеткізілген табыс.

Отырысқа серіктестік басшы­ла­ры, селекторлық режімде аудан әкім­дері мен озат диқандар қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі депар­таментінің директоры Жанар Маха­нованың айтуынша, «Кең-Дала-2» мем­лекеттік бағдарламасына қатысушылар жетістіктерге қол жеткізді. Енді «Кең дала-2» бағдарламасы қолға алынады. Оның аясында шаруалар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жылдық 5%-дық өсіммен жеңілдетілген несие алмақ. Тағы бір артықшылығы – фермер кепілдік сомасының 15%-ын ғана қамтамасыз етеді, қалған 85%-ына «Даму» қоры кепілдік береді.

2024 жылы осы бағдарлама аясында 140 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген. Қайтарылу мерзімі 2025 жылдың 1 наурызына дейін созылған. Қаржыландыру несиелік серіктестік, микроқаржы ұйымы, екінші деңгейлі банк, аймақтық инвестициялық орта­лықтар арқы­лы жүргізіледі. Қаржы инс­ти­тут­тарының өсімі 3,5%-дан аспайды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15