Аймақтар • 17 Қазан, 2024

Саламаттылықты насихаттайтын саябақ

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы №1 қалалық емхана алдында ақ халатты абзал жандардың құрметіне арналған дәрігерлер саябағы ашылды. Жайлы, жарасымды демалыс бағы жергілікті тұр­ғындар мен қала меймандарына белсенді, саламатты өмір салтын насихаттайтын қалаулы орын ретінде қызмет етеді.

Саламаттылықты насихаттайтын саябақ

Саябақтың бой көтеруіне қолдау білдірген облыс әкімдігі демалыс орнының медицина қыз­мет­­керлерінің мамандығына адал­дығы мен адам денсаулығын сақ­тауда атқарып отырған өл­­шеусіз еңбегіне алғыс пен риза­­шылықтың бір ишарасы еке­нін айтады. Жаңа саябақтың жалпы ауданы 6 мың шаршы метрді құрайды. Аумақты көгал­дан­дыруға ерекше назар аударылып, қайың, сібір шыршасы, тал, бөріқарақат, шырша, арша, пирамида теректері, вибурнум, тау күлі сияқты бұталардың кө­шеттері отырғызылды. Соны­мен қатар спорт алаңдары мен бала­лардың ойын аттракциондары да қарастырылған. Саябақ жа­рықтандырылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

«Қаламыз облыс мәртебесіне ие болғалы көз алдымызда өз­геріп, жасарып келеді. Бұл бізді қуантады. Осы істердің басы-қасында жүрген азаматтардың барлығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Денсаулықты сақ­таудың қаншалықты маңызды екенін әсіресе біз, дәрігерлер жақсы білеміз. Ал мына саябақ – басты байлығымызды қалыпты ұстап тұруға таптырмас орын. Тағы бір атап өтерлігі – бұл сая­бақтың салынуы бізге деген құр­меттің бір белгісі деп білемін», деді ар­дагер дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Райфа Иванова.

Биыл облыс әкімдігінің бас­тамасымен Семей қаласын абаттандыру жұмыстары аясында 62 аула мен 4 қоғамдық кеңістік жаңғыртылды. Ал қаланың сол жағалауынан орын алған Мұхтар Әуезов ескерткішінің маңы мен үлкен аумақты қамтыған алаңды жөндеу жұмысы жоспарға сай жүзеге асып жатыр.

 

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50