Аймақтар • 22 Қазан, 2024

«15 минут үшін 500 теңге». Ақтау әуежайында тергеу басталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты бағаны көтеру және бәсекелестік қағидаларын бұзу күдігі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«15 минут үшін 500 теңге». Ақтау әуежайында тергеу басталды

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше автотұрақта 15 минуттан артық тұрғаны үшін 500 теңге мөлшерінде ақы алынады. 

Алдын ала нәтижелер, әуежай қызметтерін пайдаланатын халықтан қаржы алу арқылы шамадан тыс пайда көру мақсатында теріс пайдалануы ықтимал екендігін меңзейді.

«Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша департамент облыс әкімдігімен жасалған концессиялық келісімді талдап, «АТМ Grup» ЖШС филиалының қызметін тексеріп жатыр. Егер монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталса, концессиялық келісімді бұзу немесе оның шарттарын өзгерту туралы нұсқама беріледі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025