Қоғам • 02 Қараша, 2024

Қалдықты қайта өңдейді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қоқысты қайта өңдеу мәселесіне жіті назар аударылмақ. Алдағы уақытта жылына 1 млн 200 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін 37 зауыт салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 8 зауыт жаңартудан өтеді.

Қалдықты қайта өңдейді

Сурет: ru.freepik.com

Инфрақұрылымды жақ­сар­ту мақсатында өңірлер­дегі кәсіпорындарды жеңіл­дік­пен қаржы­ландыру тетігі бекітіл­мек. Осы қар­жыға қалдықтарды сұрыптауға әрі қайта өңдеуге арналған заманауи қоқыс таситын машиналар мен жабдықтар сатып алынбақ. Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі – 3%. 3 жылдан 15 жылға дейін бері­летін қаржыға 185 млрд теңге бөлінді. Тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі 1,5 млн тоннаға дейін артады.

«Нәтижесінде, 232,2 млрд теңге сомаға 94 жоба іріктелді. Жобаларды жүзеге асыру нәти­жесінде брусчатка, люк, қоқыс бак, стрейч пленкасы, көлік бампері сияқты тұтыну тауарлары шығарылады», дейді  Эко­логия және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Осы жобалар аясында 4,7 млн тонна тұрмыстық қал­дық сұрыпталады. Ал қалдық­тар­ды сұрыптау желілерін салу, жаңғырту мақсатында өңірлерде 21 жоба қолға алынбақ. Бұл кәсіпорындарда жылына 3 млн тоннаға дейін қоқыс сұрыпталса, шығынның жалпы құны 49 млрд теңгеден асады. Мұның ішінде жеке инвестицияның үлесі – 10 млрд теңге.