Дін • 14 Қараша, 2024

СҚО-да дін мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізілді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары және тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да дін мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізілді

Осы жылы қазан айының 1-2 күндері Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары теологтары қатысты.

Жиында шешендік өнер және коммуникациялар бойынша жаттықтырушы және сарапшы Толкын Аманбек  «Ораторское мастерство: как говорить уверенно и убедительно» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс диалог құруды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті.

Сонымен қатар психолог Шакимова Лола Сергеевна «Психология деструктивных личностей, уязвимых к вербовке со стороны лидеров ДРТ» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді.

Аталған іс-шаралар барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына дәріскерлер тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35