23 Маусым, 2010

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН – ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМГЕ БАТЫЛ ҚАДАМ

541 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Көрме Өткенді ұғынып-білу болашақты құруға жол салары белгілі. Жал­пыұлттық “Казахстанская правда” газетінің ұйымдастыруымен өткен “Қазақстан – ядролық жарылыс­тарға қарсы қозғалыстың көшбас­шысы” атты фотокөрме осы ой­мызды ұштағандай әсер қалдырды. Аталған шараға Президент Әкім­шілігі жауапты қызметкер­ле­рінің, депутаттардың, министрлік­тер өкілдерінің, белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің қа­тысуы фотокөрменің қаншалықты маңызды екенін ашып берді. Мұнда 1991 жылы 29 тамызда Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Семей ядро­лық полигонын жабу туралы Жарлығының көшірмесі де қойы­лыпты. Осы ретте Сенат депутаты Оралбай Әб­дікәрімов Жарлық ту­ралы айта келіп, оның сол кездерде Мәскеудің қар­сы­лығына қарамай қа­был­дануы ең үлкен маңызды оқиға болғандығын, оны тек еркі мықты адам ғана істей алғандығын ерекше атап өтті. Ядролық поли­гон­ды жабу Кеңестер Ода­ғы ыды­рауындағы басты себептердің бірі болды, дейді сенатор. Қазіргі таң­да дүние жүзі Қазақ­стан­­ды ядросыз әлем көш­басшысы ретінде таниды. Көрмеге қойылған су­реттерде Нұр­сұлтан На­зарбаевтың АҚШ, Фран­ция және өзге де елдер прези­денттерімен, белгілі саясаткерлер­мен кездесу­лері көрініс тапқан. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мына сөздері де жазып қойылыпты: “Бү­гін­гі таңда Семей қаласы қуатты үміт нышанына айналды. 1991 жылғы 29 тамызда, тәуелсіздігін ал­ғаннан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев по­лигонды жапты және ядролық қаруды жойды. Бұл біздің арманымыздың – ядролық қарудан азат бейбітшіліктің нақты жүзеге асуы болды”. Шынында да, мұнда қойылған суреттерге қарап, қасірет пен қайғыны қатар сезіне­сің, сезінесің де жаның түршігеді. Президенттік мәдениет орта­лы­ғының директоры Мырзатай Жол­дасбеков ядролық полигонның зар­дабына назар аударта отырып, ака­демик Рымғали Нұрғалиды еске алды. Ол кездесе қалса, сіздерде ту­ған облыс, аудан, ауыл болса, менде ештеңе де жоқ, дейді екен. Өйткені, академиктің туып-өскен жері яд­ролық сынақ алаңының діңгегіне айналып­ты. Орталық директоры “Не­вада – Семей” қозғалысын құр­­ған Олжас Сүлейменов атына жылы сөздерін арнап, Елбасының мұхит­тың арғы жағына жасаған сапа­­рын еске алды. Сөз соңында газет бас­шы­ла­рына мына көрмеге қой­ыл­ған сурет­тердің көшірмесі Ор­та­лыққа берілсе деген ниетін білдірді. Ол газет бас­шы­лы­ғы тарапынан қабыл алынды. Фотокөрме төрт бөлімнен тұра­ды. Бірінші бөлімін жоғарыда атап кеттік. Екінші бөлімде “Өмір үшін қайталанбас прецедент” атты фото­суреттер ұсынылса, онда еліміздегі және шет елдердегі ядролық сынақ­қа қарсы қимылдар бейнеленеді. Ал үшіншісінде Семей сынақ алаңы­ның қайғылы зардаптары фото­де­ректер арқылы көрініс тапқан. Соң­ғы бөлімде “Бейбіт атом” деген атау­мен қазіргі қазақстандық атом саласын­дағы жетістіктер паш етіліпті. Көрмені көруге арнайы келген Әзірбайжанның еліміздегі елшісі және басылымның досы Лятиф Ган­дилов көптеген адамдарды жо­ғал­тып, тағдырларды тәлкекке сал­дық, дей келіп, оқиғадан алыстаған сайын шынайы көзқарастың арта түсерін тебірене жеткізді. “Бір адам­ды құтқарудың өзі үлкен маңызға ие. Қазақстан бұл бағытта нақты қадамдар жасап келеді. Тарих 1991 жылы жасалған қадамды лайықты атап өтеді”, деді Л.Гандилов. Сөзі­нің соңында елші біз бұл өмірге со­ғысу үшін емес, сүю үшін келеміз, сол сүйіспеншілігіміз барлық әлемді құтқаруға қызмет ететін болсын, деп түйіндеді. Мәжіліс депутаты Виктор Киянский есте­лігіміз бізді бейбіт өмірдің бастауына алып ке­леді дегенді айтса, белгілі қа­ламгер Президент Әкім­шілігі ішкі саясат бөлімі мең­герушісінің орынба­сары Әлібек Асқаров бір кездері құрыл­ған қозға­лыс­тың басы-қасында жүр­­­ген сәттерін еске ала отырып, фо­т­окөрменің еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өт­кізіл­гендігі соған қо­сыл­ған үлес деп ба­ғалайтын­дығымен бөлісті. Жалпы, “Қазақстан – ядролық жарылыс­тарға қарсы қоз­ғалыстың көшбас­шысы” экспозициясы бірлікке ша­қыратын ортақ тақы­рып және тәуел­сіз мем­лекеттің ядролық қарулы держава мәртебесінен бас тартуы жайынан сыр шертеді. Көрмеге ұсынылған су­реттер 20 жыл бойы жи­нақ­талған мате­риал­дар кө­рінеді. Оған “Казахстанская прав­да”, Ресейдің “Новос­ти” ақпарат агент­тігі, AFP, ҚР Ұлттық ядролық орта­лығы, “Қазатомө­нер­кәсіп” ұлт­тық компаниясы және Сергей Бон­даренко, Бо­лат­бек Отар­баев, Игорь Бур­­гандинов, Юрий Беккер, Алек­сандр Хотынца, Вик­тор Федюнин, Мақсұт Жатабаев сияқты белгілі фо­то­тілшілер жұ­мыстары да қойылыпты. Би-Болат СЕЙТАҚ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.
Соңғы жаңалықтар

Көнеден жеткен теркеш

Жәдігер • Бүгін, 10:52

Тұлпарды тұсамас болар

Зерде • Бүгін, 10:45

Құнды сурет құпиясы

Таным • Бүгін, 10:37

Көл жағасы тазартылды

Талбесік • Бүгін, 10:22