Оқиға • 07 Қараша, 2024

Қазақстан мен Франция арасындағы стратегия­лық серіктестіктің жаңа белесі

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттағы биылғы қадамдары ел дамуына серпіліс беретін келісімдерге негіз болғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Франция арасындағы стратегия­лық серіктестіктің жаңа белесі

Фото: Ақорда

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барған еді. Президент осы сапарына айрықша мән беретінін, сондай-ақ бұл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегия­лық серіктестіктің жаңа белесі екенін атап өткен.

Сарапшы Айбар Олжаевтың пікірінше, бір аптаның ішінде екі бірдей мемлекеттік сапарға бару - ел тарихында сирек кездесетін қадам.

«Президент он күннің ішінде екі мемлекеттік сапар жасап, бір саммитке қатысты. Арасында Астанада бірнеше бизнес кездесу өткізіп үлгерді. 29 қазаннан басталған 10 күндік марафон Қазақстанға шамамен 3 миллиард доллар дивиденд алып келетін болады», деп жазды ол.

Сондай-ақ сарапшы өткен айдың соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Моңғолияға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен барғанын атап өтті.

«Қазақстан алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашпақ. Бұл - еліміздің ветеринарлық вирусология саласындағы үлкен жеңісі. Сонымен бірге Моңғолияның қазба байлықтарына есік ашылды. Біздің көздеп отырғанымыз боксит еді. Енді отандық инвесторларға Моңғолияда жұмыс істеу жеңілдемек», деді А.Олжаев.

Соңғы жаңалықтар

Чип жасайтын ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Ақылды қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сығанақ теңгесі

Жәдігер • Бүгін, 08:15

Тартысты өткен турнир

Спорт • Бүгін, 08:12