Қоғам • 26 Қараша, 2024

Бұлбұл әншіге арналған марка

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» КСРО ха­лық әртісі, Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көр­некті опера әншісі Би­бігүл Төлегенованың ту­ға­нына 95 жыл толуы­на орай пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясындағы марка – бес маркадан тұратын пошта блогі. Марка 4 түсті бояумен офсеттік үлгіде басып шығарылған. 5000 данамен таралған марканың номиналы – 450 теңге.

Бұлбұл әншіге арналған марка

Бибігүл Төлегенова – шебер орындаушы ғана емес, сонымен қатар тәлімгерліктің озық әдістерін меңгеруімен Қазақстанның музыка мәде­ниетінің дамуында маңызды рөл атқарған талантты педагог. Ол әлемнің ең танымал сахна­ларында өнер көрсетіп, мәдениеттердің жақындасуына еңбек сіңірді, елінің мәдени мұрасына баға жетпес үлес қосты.

«Қазпошта» коллекциясы тағы бір жарқыраған гауһар – Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерей­тойлық маркамен толық­ты­рылды. Біз Бибігүл Ахмет­қы­зына Дүниежүзілік пош­та одағының 150 жылдығына ар­налған маркасын бастыру рә­сіміне арнайы қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Атаулы марка – ол кісінің отандық мә­дениетті, музыканы, сахналық шығармашылықты дамытудағы маңызды рөліне құр­мет», деп атап өтті «Қазпошта» АҚ бас­пасөз қызметі.

Бибігүл Төлегенованың шы­ғармашылығы тұтас ұрпаққа өнеге болып, шабыттандырып келеді. Ол – әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп жүрген опера әртістері мен музыканттарының бірнеше буынын тәрбиелеген жан.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15