Басылым • 29 Қараша, 2024

Басқа басылымдардан: Cтратегиялық байланысты қуаттады

64 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Ресей Президенті Вла­ди­мир Путинмен болған кез­десуінде екі ел арасын­дағы стратегиялық байланыстарға ерекше тоқталды.

Басқа басылымдардан: Cтратегиялық байланысты қуаттады

Қазақстан Президенті Путинді елордадағы резиденциясында қабылдау кезінде Қазақстан жаһандық күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін, алдағы уақытта да бұл бағыттан айнымайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестіктің берік іргетасы негізінде нығайып келе жатқанын мәлімдеді.

 

Қауіпсіздік мәселелерін талқыламақ

пр

Ресей Президенті Владимир Путин Орта­лық Азиядағы одақ­тасымен қарым-қаты­нас­ты нығайтуға бағытталған екі күндік сапармен Қазақстанға барды.

Сондай-ақ бұл сапарда ҰҚШҰ ұйымына мүше Қазақстанмен қауіпсіздік мәселелерін талқыламақ.

Путиннің сапары қарсаңында ресейлік «Известия» газетінде жарияланған мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей көпполярлы әлем, бейбіт диалог, барлық мемлекеттің егемендігін құрметтеу сияқты идея­ларды дәріптеп, халықаралық аренада өзара табысты қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті.

 

Ғарышты бірлесіп зерттейді

пр

Жаңа жаһандық тәр­тіп жағдайында стра­те­гиялық әріптестік­ті тереңдету туралы қос ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде тараптар 70 жылдық мерейтойы келесі жылы кеңінен атап өтілетін «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихи маңызы туралы ортақ ұстанымдарын растады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы – жалпыадамзаттың ортақ игілігі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдемеде. Олар ғарышты бірлесіп зерттеуді одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

 

Одақтастық барлық салада дамып келеді

в

Қазақстан мен Ресей­­дің ынтымақ­тас­ты­ғы шын мәнінде одақ­тас­тық сипатта және бар­лық салада белсенді түрде дамып келеді. Бұл туралы «Казах­станская правда» газетінде жарияланған Ресей Пре­зиденті Владимир Путиннің мақаласында айтылған.

Ресей Президенті Қазақстанға кезекті мемлекеттік сапары қарсаңында жарық көрген мақаласында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы өз көзқарасымен бөлісті. Ол Ресей Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

 

Достықты тереңдетуге дайын

ва

В.Путин Қазақ­стан газе­т­інде жария­лан­ған ма­қала­сында Қазақ­стан­ның мәде­ни, рухани-адамгершілік құндылық­тарына деген ынтасын жоғары бағалап, Астана­мен достық және одақтастық қарым-қатынас­тарды одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.

Сәрсенбіде Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары Путиннің ұшағы елордаға қонған сәтінің түсірілімін көрсетті. Путин дамып келе жатқан экономикалық альянсты кеңейтудің де ортақ келісімдері туралы мәселе қозғады.

 

Бірлескен жобаларды пысықтады

ыы

Ресей Прези­­денті Вла­димир Путин Қазақ­­стан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді.

Қазақстан Ресейдің ежелден әскери және эко­но­микалық серіктесі және алпауыт көршімен 7 500 шақырым (4 650 миль) шекараны бөліседі.

Екі ел басшылары келіссөздер барысында сауда-энергетикалық байланыстарды да талқылап, бірқатар бірлескен жобаны егжей-тегжей пысықтады. Сондай-ақ екі ел президенттері бірнеше құжатқа қол қойып, БАҚ өкілдеріне арналған мәлімдеме жасады. 

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше