Әдебиет • 02 Желтоқсан, 2024

Жүсіпбек Қорғасбек «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының иегері атанды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының кеңесшісі, жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының иегері атанды, деп жазады Egemen.kz.

Жүсіпбек Қорғасбек «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының иегері атанды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Алматы қаласында үшінші рет ұйымдастырылған ұлттық әдеби сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды. 

Замана әдебиетінің заңғарлары аламанға түскен әдеби байқауға 176  өтінім келіп түскен. 7 номинация бойынша үздіктер жүлделі болды.

Соның ішінде  «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының кеңесшісі Жүсіпбек Қорғасбек бәйгеге ат қосқан «Үздік әдеби сын» аталымының сөресінен 13 тұлға жүлдеге үміт артқан. 

Қаламы қарымды, шабыты шалқар азаматтар арасынан Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі «Үздік әдеби сын» номинациясында шашасына шаң жұқтырмай, мәрені бірінші болып кесті. 

Марапаттау кешінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз алып, қаламгер қауымды қолдауға бағытталған істер іркілмейтінін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50