Елорда • 03 Желтоқсан, 2024

Астанадан 810 мың текше метр қар шығарылған

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадан 810 мың текше метр қар шығарылған

Фото: Қала әкімдігі

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 2 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар полигондарына ауыр жүк көлікпен 622 рейс, 7,7 мың текше метрден аса қар шығарылған. 2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні көшелерді қар мен мұздан тазартуға 388 арнайы техника, 181 жол жұмысшысы шыққан.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланатыны мәлім.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан 64 мыңға жуық рейс арқылы 810 мың текше метр қар шығарылған.