Тағайындау • 03 Желтоқсан, 2024

«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа басшы келді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып қытайлық Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа басшы келді

Фото: Petro_council

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жоғары буын және бөлімшелер басшыларын әр үш жыл сайын ротациялау қарастырылған.

«2024 жылы 2 желтоқсанда кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Вэнь Цзяцзюнь ММГ бас директоры болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Геология және пайдалы қазбаларды барлау саласында техника және технология магистрі дәрежесін алып, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Оның еңбек жолы 2005 жылы CNDOC компаниясында басталды. 2005-2024 жылдар аралығында «SNPS – Ай Дан Мұнай» АҚ-да жетекші супервайзерден компанияның президенті қызметіне ауысты. 2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Компания мәліметінше, Болат Сейітмағанбетов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Болат Сейітмағанбетов 1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Алматы менеджмент университетін бітіріп, іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды.

Болат Сейітмағанбетов 1993 жылы еңбек жолын «Қаламқасмұнайгаз» кәсіпорнында операторлық қызметтен бастап, қызметте цех пен өндірістік бөлімшенің басшысына дейін көтерілді. 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Мұстафаев «Маңғыстаумұнайгаздың» бас директоры қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025