Әлем • 05 Желтоқсан, 2024

Қытайда жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Гуандун провинциясында теміржол құрылысы алаңында жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген

Фото: news.bigmir.net

Төтенше жағдай 4 желтоқсан күні сағат 23:00-де Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында болған.

Бейсенбі күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 13 жұмысшымен байланыс үзілгенін растаған.

Қазіргі таңда, оқиға орнында 200-ге жуық құтқарушы мен 48 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнынан Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілген.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір ағашта қырық жеміс өседі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Аурухана іргетасы қаланды

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Ақжайықта 238,2 мың көшет егіледі

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:23

Ауыртпайтын амал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20