Ауа райы • 06 Желтоқсан, 2024

Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз күтіледі

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз күтіледі

Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: қар жауып, елдің шығысында бұрқасын болады, оңтүстік өңірлерде жаңбыр қарға ұласады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауады.

Шығыс, оңтүстік және орталық облыстарда көктайғақ күтіледі. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның басып кіруімен жауын-шашын тоқтайды.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Түнде республиканың батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, республиканың солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 градус аяз, республиканың шығысында 18-18 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда 8-21 градус аяз болады.

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43