
Фото: KAZENERGY баспасөз қызметі
Іс-шара табиғи ресурстарды басқарудағы ашықтық пен оны жауапты басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Кездесу шеңберінде деректерді ашу тетіктерін жетілдіру, мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру және ӨСАБ шеңберінде Қазақстанның ұстанымын нығайту перспективалары қаралды.
«Қазақстан көмірсутектер мен уранның әлемдік жетекші өндірушісі ретінде табиғи ресурстарды басқаруда барынша ашықтық пен есептілікке ұмтылады. ӨСАБ-мен әріптестік арқылы біз ашықтық стандарттарын көтеруге, іскерлік ахуалды жақсартуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға ниеттіміз», деді KAZENERGY Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
ӨСАБ Халықаралық хатшылығының басшылығы өз тарапынан KAZENERGY мүшелерінің халықаралық бастаманы іске асыруға қатысуын оң бағалады. Ол сондай-ақ ӨСАБ бойынша KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялардың есептілікті ұсынуын цифрландырудың жоғары деңгейін де атап өтті.
«Хатшылықтың бағалауы бойынша өндіруші компаниялар ақпаратты ашу тұрғысынан да, ӨСАБ Ұлттық кеңесінің жұмысына қатысу тұрғысынан да ӨСАБ-ға толық көлемде белсенді және тиімді қатысты», деді Хелен Кларк ханым.
Кездесуге қатысушылар компаниялардың ӨСАБ қызметіне қатысуын жандандыру бастаманы іске асырудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
«Бүгінгі кездесу біздің тұрақты дамуға деген ұмтылысымызды растады. KAZENERGY-ге мүше компаниялардың белсенді қатысуы ӨСАБ-мен нәтижелі ынтымақтастықта және Қазақстанның өндіруші салалары үшін тұрақты болашақты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады», деп түйіндеді М. Мырзағалиев.
Кездесу нәтижесінде KAZENERGY Қауымдастығы мен оның мүше компанияларының Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі орнықты даму және ашықтық саласындағы көшбасшы ретіндегі беделін нығайта отырып, ӨСАБ-мен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын растады.