Білім • 10 Желтоқсан, 2024

Ректор қызметіне үміткерлер қаралды

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен басқарма төрағасы – жоғары оқу орны ректорының кандидатурасын қарау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Ректор қызметіне үміткерлер қаралды

Сурет: primeminister.kz

Комиссия құрамына Пар­ламент Сенаты мен Мәжі­лісінің депу­таттары, Ғылым және жоға­ры білім министрлігі, ЖОО қауым­дастығы, «Атамекен» ұлт­тық кәсіпк­ерлер палатасы өкіл­дері және қоғам қайрат­керлері кірді.

Отырыс барысында «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ ректоры лауазымына кандидаттар қаралды.

1962 жылы негізі қаланған жоғары оқу орны аймақтағы жал­ғыз педа­гогикалық білім беру пр­овайдері болып саналады және б­ілім беру жүйесіне мамандар даярлайды.

Үміткерлер бірқатар кри­терий­­ге сәйкес келуі керек: ғы­­лыми дәрежесінің болуы, білім және ғылым саласындағы бас­шы­лық лауазымдарда жұ­мыс тәжі­рибесі – кемінде 5 жыл. Ғылыми атағы бар кандидаттарға (профессор, доцент) артықшылық берілді.

«Әлкей Марғұлан атын­дағы Павлодар педагогикалық универ­ситеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректордың лауазымына 3 кандидатура ұсынылды. Олар жоғары оқу орнының алдағы 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Нәти­жесінде, комиссия Ержан Әмір­бекұлының университет ректоры лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Елімізде білім сапасын арт­­тыру жөнінде кешенді шаралар қабыл­­дануда. Бұл ретте ұстаз­дар қауы­мына үлкен жауап­кер­ші­лік арты­лып отыр. Келе­шекте елге қыз­мет ететін азаматтар­­ды тәр­биелеуде білікті педагог­тердің ма­ңызы ерекше. Сапа­лы кадр даяр­лау үшін жоғары оқу орын­дары бар күшін салуы қажет. Сондықтан ректор қызметін атқаратын азамат бұл жұмысты өз деңгейінде ұйым­дастыра білуге тиіс», деп атап өтті Т.Дүйсенова.