Тарих • 13 Желтоқсан, 2024

Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы көшпелі халқымыздың қолынан түспеген қамшы туралы тарихи ақпараттарды бір кітапқа топтастырды, деп жазады Egemen.kz.

Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді

Фото: talismans.kz

Болат Бопайұлының «Қазақ қамшысы» туындысы оқырманға Ұлттық музейде таныстырылды. Тұсаукесер жиынға тарихшылар мен қаламгерлер қатысты.

24.kz-тің хабарлауынша, жазушы-этнограф ұлттық бұйымның киесі мен қасиетін, тарихтағы орнын, қамшының түрлерін кітапқа сыйдырған.

«Бірінші мыңжылдықтардан қазірге дейін жоғалмай, қолдан түспей келген қамшының сый құрал ретінде қолданылатын, ұлттың рухын сақтайтын жәдігер екендігін осы кітапта таныттық. Кітап ұлттық жәдігерімізді насихаттау мақсатында жазылды», деді Болат Бопайұлы.