Білім • 17 Желтоқсан, 2024

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру басталады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға  қатысу үшін өтініш беру басталады

Фото: kazaknews.kz

Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады.

«Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ҰБТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады», делінген министрлік мәліметінде.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
 
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі сынақ тапсырушының таңдауына беріледі. 

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35