25 Маусым, 2010

ОҢТҮСТІККЕ АРНАЛҒАН КӨГІЛДІР ОТЫН

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Жамбыл об­лысының әкімі Қанат Бозымбаев пен “ҚазТрансГаз” компаниялар тобының бас директоры Серік Сұлтанғалиев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол стратегиялық серіктестікті орнатуды және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ “2015 жылға дейінгі перспективамен 2007-2010 жылдарға Жамбыл облысына газ берудің кешенді бағдарламаларын” іске асыруды көздейді. Меморандумға сәйкес, тараптар 5.0 млрд. тең­геден асатын сомаға Жамбыл облысының шамамен 140 елді мекеніне газ беруді жалғастыру ниеті, газ беруді қаржыландыруды қолданыстағы газ тарату желілерін республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, тартылған инвестициялар мен басқа да көздерден жаңарту мен қайта құру бойынша жоба­ларды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға келісті. Соған қоса, заң­намада белгіленген тәртіпте тараптар “ҚазТрансГаз” АҚ-тың кейіннен пайдалануы үшін газ берудің жаңадан салынған нысандарын беру туралы, 2030 жылға дейін өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын ескеріп, компанияның облыс тұтынушыларының газды тұтынуы болжамын әзірлеуі мен беруі туралы уағдаласты. “ҚазТрансГаз” АҚ өз қаражаты есебінен немесе об­лыстың қолданыстағы газ тарату желілерін жаңарту мен қайта құру бағдарламаларының тартылған қаражаты есебінен қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Компания шығындарды кейіннен өтеу механизмін ескеріп өз қаражаты немесе тартылған қаражаттар есебінен кентаралық әкелетін газ құбырларын салуды да ұйымдастырады және 2010 жылдың 2-жартысында тарату газ құбырларына диагностика жасау және қолданыстағы тарату желілерін жаңарту мен қайта құру ТЭН әзірлеу мүмкіндігін қарастырады. “ҚазТрансГаз” АҚ еншілес ұйымы – Қазақстан Рес­публикасы магистральды газ құбырларының опе­раторы – “Интергаз Орталық Азия” компаниясы осы Меморандумның екі тармағы бойынша уәкілеттенген болып тағайындалды. Осы тармақтарға сәйкес “Интергаз Орталық Азия” АҚ 2011 жылға дейін Жамбыл облысының бюд­жетіне “Интергаз Орталық Азия” АҚ Тараз бө­лімшесі орналасқан жерде әлеуметтік және кіріс са­лы­ғын төлеу мәселесін шешу бойынша шара қол­дана­ды, сондай-ақ компаниияның табысты тәжі­рибесі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, “Интергаз Орталық Азия” АҚ 2011 жылы Жамбыл облысын тұрақты газбен қамтамасыз ету мақсатында “Қазақ­стан-Қытай” магистральды газ құбырын “Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы” магис­­тральды газ құбырымен біріктіретін газ құбырын салуды ұйымдастырады. “Интергаз Орталық Азия” АҚ бас директоры Се­рік Естайдың айтуы бойынша, компания респуб­ликаның оңтүстік өңірлеріне және атап айтқанда Жам­был облысына ерекше назар аударады. Сондық­тан да компанияның инвестициялық қызметінің ерекше маңызды бағыттарының бірі республика облыстарына газ беруді дамытуға негіз болып та­былатын магистральды газ құбырлары жүйесін да­мы­ту болады. Біз таза экономикалық маңызына қа­рағанда, зор әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырамыз, – деп атап өтті С.Естай.