Форум • 24 Желтоқсан, 2024

Партия өткізген форум

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясы жа­нын­дағы консульта­тив­тік-кеңесші орган – рес­пуб­ли­калық «Мейірім құ­шағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комис­сиясының, партияның об­лыстық филиалының ұйыт­қы болуымен «Жаңа Қазақ­станның жасампаз әйел­дері» тақырыбында Ұлы­тау об­лысының әйелдер форумы өтті.

Партия өткізген форум

Облыстың барлық аудан, қаласынан жиналған делегаттар негізінен ұрпақ тәрбиесі, кәсіпкерлікті дамыту туралы пікір алмасты. Бесік пен әлемді қатар тербететін нәзік жүрек иелері арасында өз ісінің майталмандары жетерлік. Олар қоғам өмірінің барлық саласында еселі еңбек етіп жүр. Шағын және орта бизнес саласында қыз-келіншектердің қатары жыл санап өсіп келе жатыр. Форумда негізінен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған нақты жобалар мен бастамалардың ортаға салынуы да сондықтан. Осы салада жақсы жетістіктерге жеткен қыз-келіншектер партияның Алғыс хатымен марапатталды.

Форум аясында ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, қайырым­дылық, мейірімділік шаралары да өткізілді. «Ауыл» партия­сы­­ның белсенді мүшесі Ерден Саты­балдин «Харекет» қорының атынан көпбалалы мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыстады.

«Ұлытау облысының әйелдер форумы мәнімен де, сәнімен де зор әсерге бөледі. Жиын жұ­­мы­сын жоғары деңгейде ұйым­дастыра білген Ұлытау облыс­тық мәслихатының депутаты, облыстық «Мейірім құшағы» ко­миссиясының төрағасы Әлия Аяп­бергенованың еңбегін ерек­­ше атап өткім келеді. Біз мұн­дай бастамаларды әрқашан қол­даймыз», деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұма­назарқызы Ақылбекова.

 

Жезқазған қаласы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15