Қоғам • 27 Желтоқсан, 2024

Қарттарға қамқорлық

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында көкшетаулық қарттар жақсы хабардан құлақ­­та­нып, бір жадырап қалды. Алдағы жылы облыс орталығында тұра­тын зей­нет­керлер қоғамдық көлікте тегін жүр­мек.

Қарттарға қамқорлық

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы  қаулысына және қалалық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізілді. Жаңа құжатқа сәйкес облыс орталығында тұратын зейнеткерлер осындай жеңілдікке ие болып отыр.

– Көкшетау қаласында 28 мыңнан артық егде адамдар тұрады. Зейнеткерлердің көбінің баратын жері емхана мен аурухана, – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев. – Бұл қамқорлықты аға буын өте жақсы қабылдады. Қолдан келіп жатса заманында ел игілігін еселеп, арттыруға қисапсыз еңбек еткен аға буынды қолтықтарынан демеп, көмек көрсеткенге не жетсін.

Қала әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

– Астана қаласының тұрғындары осындай жақсылықты көріп отырғандарына бірнеше жыл болды деп естідік. Енді біздің жерлестеріміз де осындай игілікке ие болады, – деді қала тұрғыны Есенбай Кереев.

 

Көкшетау қаласы