25 Маусым, 2010

ХОЛДИНГ КӨРМЕСІ ӨТТІ

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада “Парасат” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” АҚ қызметінің шең­берінде іске асырылатын жобалар көрмесі өтті. Оны Премьер-Министр Кәрім Мәсімов арнайы келіп тамашалады. Аталған көрмеде бірнеше жобалармен таныстыру жүргізілді. “Креминий-Алатау” Қазақ­стан-Қырғызстан жобасы крем­ний­ өндірісін жолға қойып, Қыр­ғызстан аумағында жұқаүл­дір­лі күн мо­дулдерін жасауды ұй­ым­дастырмақ. Бұл жоба елімізде жоғары технологиялық кремний өнімін алып, оны экспорттауға қыз­мет етеді. Ал “Атеролид”, “Саусалин”, “Экди­фит” фито­пре­па­раттары Қарағанды фарма­цев­тикалық кешеннің үшінші кезегін іске қосқанда өндірістік негізге қойылатын болады. Холдинг осындай жоғары тех­нологиялық негіздегі басқа да бір­қатар жобаларды әзірлеу үстінде. Көрмені өткізу барысында “Па­расат” ұлттық ғылыми-тех­но­ло­гия­лық холдингі” АҚ-ның Бас­қарма Төр­ағасы Нұралы Бектұр­ға­нов хол­дингтің қызметі страте­гия­лық мем­лекеттік мақсаттар мен мін­деттерге сәйкес іске асы­ры­ла­тын басым бағыттарға қарай бағытталатын­дығын атап көрсетті. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.