Қоғам • 07 Қаңтар, 2025

Көпбалалы аналар баспаналы болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лисаков қаласында көп­балалы алты отбасы бас­паналы болды. Ша­ғын қа­лада халықтың әлеу­мет­тік осал тобына жа­татын отба­сыларға жергілікті бюд­жет есебінен 19 пәтер сатып алынды.

Көпбалалы аналар баспаналы болды

Тұрғындарға пәтер кілт­терін қала әкімі Абай Ыбыраев табыс етті. «Бұл жолы алты көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстағалы тұрмыз. Біз бірінші шағын аудандағы әкімшілік ғимаратты 21 пәтерлі үйге айналдырдық. Оған тұрғын үй кезегінде тұрған бюджет қызметкерлері қоныстанды. Сондай-ақ медицина, спорт қызметкерлері мен педагогтерге берілді. Ендігі екі бөлмелі үш пәтер тұрғын үй кезегіне қарай, ата-анасыз балаларға берілетін болады. Қазір «Қазақстан» тұрғын үй компаниясымен бірге бес қабатты алпыс пәтердің сметалық құжатын әзірлеп жатырмыз», деді әкім.

Баспана қуанышына ие болған­дардың ішінде бес баланың анасы Валерия Фризен де бар. Бір жарым жыл үй кезегінде тұрған көпбалалы ана қала басшылығына, құры­лыс­шыларға жүрекжарды алғысын білдірді. «Жолдасым жұмыс іс­тейді. Өзім бала тәрбиесімен айналысамын. Алтыншы сәбиімізді күтіп отырмыз. Бұған дейін пә­терден пәтерге көшіп, жалдап жүр­ген едік. Қуанышымызда шек жоқ. Тұңғышымыз – тоғыз жаста, кенже баламыз бір жарым жаста», дейді Валерия Фризен.

Лисаков тұрғыны Ақтоты Мағзұмова да 85 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. «Жолдасым екеуіміз төрт бала сүйіп отырмыз. Кезекке тұрғанымызға бір жылға жеткен жоқ. Өте қуаныштымыз. Бұған дейін енемнің қолында тұрып келдік», дейді көпбалалы ана.

Бүгінде Лисаков қаласында 570 тұрғын пәтер кезегінде тұр.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15