Елорда • 09 Қаңтар, 2025

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Алина Имамбаева

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының жергілікті фермерлері мен өндірушілерінің өнімдері тікелей ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидекті, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды тиімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, қалалық жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Бір ағашта қырық жеміс өседі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Аурухана іргетасы қаланды

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Ақжайықта 238,2 мың көшет егіледі

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:23

Ауыртпайтын амал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20