Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025

Жайлы вагондар жолға шықты

64 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыға пойызбен аттанатын жолаушылар енді жайлы әрі кең вагондармен сапарлауға мүмкіндік алып отыр. Петропавл вагон жасау зауытында Тверь вагон жасау зауытының технологиясымен жасалған жаңа вагондар Павлодар – Алматы – Павлодар бағытында жүре бастады.

Жайлы вагондар жолға шықты

Павлодардан Алматыға дейін­гі жүру уақыты – 26 сағат 44 минут. Бір бағытқа билет құны – купеге 15 072 теңге, плацкартқа 9 945 теңге. Жалпы 3 пойыз құрамы, 15 вагон (8 купе және 7 плацкарт) жұмылдырылған.

Вагондарды жаңарту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында өз­герістер енгізіліп жатыр. Пет­ропавл қаласындағы отандық вагон жасау зауытында өндіріл­ген жолаушылар вагоны атал­ған бағытта жүре бастады. «Жолау­шылар тасымалы» АҚ Петропавл вагон жасау зауытымен 157 вагонды жеткізу бойынша шарт жасады. Осы келісім аясында 50 вагон жеткізіліп, №31/32 «Павлодар – Алматы» бағытына жіберілді», дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.

Жаңа вагондар ауаны баптау жүйесі, түтін детекторы, био­дәретхана және тамбурдағы бей­небақылау жүйесімен жабдық­талған. Жолаушы жай­лы­лы­ғы үшін купелерде электр розетка­сы мен USB порттар қарас­тырыл­ған. Плацкарт – 52 орын, купе – 36 орынға лайықталған. Қазір компанияға 2 171 вагон тиесілі. 2030 жылға дейін ескірген вагондарды есептен шығару жоспар­ланған. Паркті жаңарту аясында жаңа вагондар сатып алы­нады. Кейінгі 10 жылда акцио­нерлік қоғамның вагондар паркі 50%-ға жаңарған. Сонымен қатар «Stadler Bussnang AG» компаниясымен 2025–2030 жылдар аралығында «Stadler» технология­сы бойынша 557 вагон сатып алу туралы келісімшарт жасалған.

Сонымен бірге жаңа вагондар Атырау – Маңғыстау, Ақтөбе – Атырау, Павлодар – Түркістан, Астана – Семей, Алматы – Жезқаз­ған бағыттарында қатынайды.

 

Павлодар облысы