
Фото: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин осы форматтағы жаттығу жиындарының пайдасы мол екенін жеткізді.
«Алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының басын қосып ауқымды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Барлық жас дәрежелерінің бапкерлерімен ақылдасып, осылай ұйымдастыруды жөн санадық.
Бұл бастаманың пайдасы мол. Жасы кішілер әпкелеріне қарап, бой түзейді, тәлім алады. Әйелдер санатындағы спортшыларды да жалынды жастардың көз алдында жүруі жігерлендіре түседі. Жас буын ұлттық құрама сапына қосылғанда жатырқамай, тез бой үйретуіне де септігін тигізері анық», деді Елдос Сайдалин.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеткен. Бас бапкер төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысу үшін барлық жас дәрежесінде бұл додаға үміткерлер бар екенін атап өтті.