Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025

Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған қалада бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Фотолар: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күні – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.

Жастар, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қала тұрғындары Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, ерлігін еске алып, тағзым етті.

gov.kz

Ақтөбе облысы әкімдігінен мәлім болғандай, жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Аталған шара ел жастарының бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталатыны анық.

gov.kz

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше